• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:08:15
Алматы
+35°

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы бес баланың қазасынан соң Үкімет атаулы әлеуметтік көмек тағайындап, аналардың ашуы қайтқанша, бала басына 21 мың теңгеден төлеп «қарық» қылғанымен, артынша «жатыпішер әкелер көбейіп бара жатыр», «бұл жәрдемақы елімізде жұмыс істемейтін ата-аналар санын арттыруда» деген түрлі сылтаумен жәрдемақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізіп, айналдырып әкеліп, бала басына он мың теңгеден төлеуге тоқталды. 

Онда да көпбалалы отбасыларға, яғни төрт баласы бар отбасыларға – 42 496 теңге, бес баласы барларға  – 53127 теңге көлеміндегі бала басына қарай жәрдемақы қарастырылған болатын. Яғни, әр балаға он мың теңге көлемінде ғана жәрдемақы тағайындалды. Бұл сома қарап отырсақ, бір баланың бақшаға төлейтін ақшасына да жетпейді. Бұған ата-ана балаларына тамақ ала ма, салмағы мен бойы ай сайын өсетін балаға киім ала ма, әлде балабақшаға төлей ме? Осы жағдайға ашынған нұр-сұлтандық көпбалалы аналар тағы да тиісті орындарға нақты талап қоюда.

– Қымбатшылықтан, әр балаға 10 мың теңге көлемінде төленетін ақша ештеңеге жетпейді. Азық-түлік те, коммуналдық қызмет те, киім де қымбаттап барады, – деген аналар "әр балаға 42 500 теңгеден беру керек" дейді.

Ал біз сол "42500 теңгенің өзі әр баланың әлеуметтік мәселесін толығымен шеше ме?" деген сауал төңірегінде мамандар пікірімен мәселені салмақтап көрген едік.

Нұрлан Айекешов, әлеуметтанушы:

– Бес баланың қазасы арқылы көпбалалы аналардың талап қоюы әдетке айналып барады. Өйткені осыған дейін иіс тиіп, өрт салдарынан үйде қалған екі-үш баланың да қаза табу оқиғалары кездескенімен, қоғам селт ете қоймады. Біздің қоғам тек бес бала шетінесе ғана елең етіп, әлеуметтік мәселесін шешіп беруге үйреніп қалған секілді. Сондықтан менің айтарым, бір бала да – бала, екі бала да – бала, көпбалалы, бір балалы деп алаламай, жалпы қоғамдағы барлық балаға жағдай жасайтын кез жетті. Сондықтан жәрдемақы барлық балаға ол 18 жасқа толғанша төленуі керек. Өйткені бір-екі балалы бірақ не баспаналы бола алмай, не жұмыс таба алмай қиналып жүрген жас отбасылар жетерлік. Олар көбіне, тұрмыстың тауқыметіне шыдай алмай ажырасып кетіп жатады. Ал көпбалалы аналарға балабақшаны тегін қылу секілді жағдай жасалуы керек. Оған елімізідң жағдайы жетеді. Түрлі халықаралық шараларға жылдар бойы ақша шашып келдік қой, енді балаларымыз – болашағымызға жағдай жасауымыз керек. 

Қуаныш Ерсұңқар

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 42500 бала жәрдемақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір