• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қараша, 04:47:21
Алматы
-4°

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кезекті жекпе-жегінде  жеңіске жетті.

Ол эквадорлық Джейсон Миндадан басым түсті.

Бастапқыда 35 жастағы Исламның қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи болатыны хабарланған. Бірақ кейін өзгерген.

10 раундқа жоспарланған кездесу жетінші раундта аяқталды. Қанат Ислам қарсыласын алдымен төртінші раундта нокдаунға түсірді. Жетінші раундта рефери тағы да бір нокдаун тіркеді. Артынша  қазақстандық боксшы сол раундта эквадорлық боксшыны нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Осылайша, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы 28-ші жекпе-жегінде 28-ші рет жеңімпаз атанып отыр. Оның 22-сінде қарсыластарын нокаутқа жіберген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір