Таныс жігіт хабарласты. Бір атаның ұрпағы қор ашыпты. Соған банктен шот ашсақ деп, жөнін білмекші. Ол қор не істейді? Әлгі ата ұрпақтары ай сайын ақша жинайды. Соған ас, көкпар, бәйге береді. Түрін білмейтін аталарына ескерткіш орнатады. Көбірек жиылса мешіт салмақшы. Әруақ риза болады, ұрпақтар бір-бірін танып жүреді, дейді. Қыртқан әңгіме.
Өткенді еске алу деген атпен, ақшаны ауаға шашу. Атаға әркім үйінде құран бағыштай алады.
Ерлік, батырлығын әркім бала-шағасына дастархан басында айта алады.
Туысын былай да той-жиында таныстыра алады. Атасының атынан қор құрсын. Ақша жисын. Бірақ ол болашаққа қызмет етсін. Сол ата ұрпақтарының өнер, білім, спорттағы жастарын қолдауға жұмсалсын. Жастар арасында конкурс ұйымдастырып бизнестерін бастауға берсін. Атасының атындағы шәкіртақы тағайындасын. Айына бір рет жиналып, мықты тренерлерді жинап, дәріс тыңдасын. Мықты жастарды шетелге курсқа жіберсін. Ауылы туралы деректі фильм, сериал түсірсін, фотоальбом шығарсын, сайт ашсын. Сол атаның денсаулығы нашар ұрпағын емдетсін. Тіпті ақша көп жиналса бір ұрпақ емес қазақтың болашағына әсер ететін жобаларды қолдасын. Аталарының шапағаты тигені, жақсы аты жалғасқаны сол емес пе? Топ болып ас ішіп, ескерткіш қоюдың кімге пайдасы бар?
Әлгі жігіт ойланды, бірақ үлкендер көнбейді, ас беріп, ескерткіш қоямыз, дейді. Сай-сайда ескерткіш орнатып, ас беріп далақтап, ақша шашып жүрген бізден Илон Масктер қазір шыға қоймайды-ау.
Фейсбуктегі парақшасынан
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір