• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:06:42
Алматы
+35°

Ая Өмірзақова есімді азамат өзін зорламақ болған ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінен құтқарып қалған адамдарды іздеп жатқанын айтып, бейнеүндеу жариялады.

Бұл – Ая Өмірзақованың кезекті видеоүндеуі. Бұған дейін ол ҰҚК қызметкері 2020 жылы қыркүйектің 11-інен 12-сіне қараған түні өзін Алматы облысы Қаскелең қаласы Жалпақсай ауылының маңындағы елсіз далаға апарып көлікте зорламақ болғанын айтқан. Күдікті жәбірленушіні ұрып-соққан, "өлтіремін" деп қорқытқан. Бір мезетте қыз көліктегі арпалыстан сытылып шығады. Сол сәтте оларға қарай көлік келе жатты. Мұны көрген күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Кездейсоқ келген көліктен 3 жігіт шығып, қызды полиция қызметкерлеріне тапсырған. Жәбірленуші енді сол 3 жігітті іздеп жүр. Олар аталған жағдайды растау үшін қозғалған қылмыстық іске куә ретінде қажет.

– Әділдік салтанат құруы үшін сіздердің маған байланысқа шыққандарыңыз өте керек, – деген ол оқиға туралы қандайда бір дерек білетіндер болса Алматы облысы полиция департаментіне хабарласуды өтінді. Департамент номері: 8 (7282) 60 80 08 

Бүгінде қылмыстық кодекстің "Зорлау әрекеті" бабы бойынша тергеу жалғасып жатыр.
 

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Айя Умурзакова (@aiya.umurzakova)

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ая Өмірзақова

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір