• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:23:53
+35°
Қазақстанның кей өңірлерінде пәтерақы 41 пайызға дейін қымбаттаған, деп хабарлады LS сайты.
 
2021 жылғы қаңтарда 45 шаршы метрлік пәтерлер орташа есеппен 75,9 мың теңгеге жалға берілген. Бұл 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда 2,7 пайызға, 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 10,1 пайызға қымбат.
 
Қымбатшылық жөнінен Түркістан қаласы көш бастап тұр. Мұнда бір ай ішінде пәтер жалдау құны 10,4 пайызға өскен. Ал жалға берілетін пәтерлердің саны жөнінен Талдықорған қаласы алда келеді. Мұнда бір жыл ішінде аренда бойынша ұсыныстар 41,1 пайызға артқан.
 
Нұр-Сұлтанда орташа есеппен 45 шаршы метрлік пәтерді жалдау – 140 мың теңге. Алматыда да 100 мың теңгеден жоғары.
 
Ең арзан аренда Қызылордада тіркелген. Мұнда 45 шаршы метрлік пәтерді  жалға алу құны – 58,2 мың теңге.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір