• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 10:43:21
Алматы
+35°

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары коронавирустың пайда болуына қатысты деректерді Қытай билігі жасырын ұстап отырғанын айтады. Бұл туралы Уханьға барған мамандардың бірі The Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Ғалымның айтуынша, Қытай билігі коронавирус жұқтырудың алғашқы 179 дерегі жайлы мәліметтерді ұсынудан бас тартып, керісінше өздері жасаған талдау жұмыстарының нәтижесін көрсеткен.

ДДСҰ-на мүше елдер кез келген ауру бойынша бастапқы ақпаратпен бөлісуге тиіс. Әзірге аталған жағдай туралы Қытай билігі пікір білдірмей отыр.

Жуырда Үндістанның WION телеарнасы ДДСҰ шенеуніктері "коронавирус туралы ақпаратпен бөліспегені үшін Қытайды айыптады делінген құпия аудиожазбаны жариялаған.

Таспада даусы доктор Майк Райанға ұқсайтын адам Қытай ақпаратты жасырып, вирустың бүкіл әлемге таралуына мүмкіндік бергенін айтып, айыптайды және пандемияны 2003 жылғы SARS эпидемиясымен салыстырады.

Аудиодан Райандікіне өте ұқсас дауыстың "Бұл дәл осы сценарий" деген сөзі естіледі. Сондай-ақ аудиодағы дауыс қытайлық дәрігерлерді айыптайды, себебі, ол кезде Қытай дәрігерлері "коронавирустың адамнан адамға жұғуы туралы нақты дәлелдер жоқ" деп жариялаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір