• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:21:26
Алматы
+35°

Бүгіннен бастап қазақстандықтар жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатсыз көлік жүргізе беруіне болады.

13 ақпанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді.

Жүргізушілерге өздерімен бірге жүргізуші мен көлік құралын тіркеу куәліктерін алып жүрмеуге болады. Осы құжаттардың жоқтығы үшін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Жүргізушілер өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын алып жүруі тиіс.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері көлік иесі кім екенін ақпарат жүйелері арқылы тексереді. Қызметтік планшеттерде "әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі" бағдарламасы орнатылған. Онда жүргізуші мен көлік туралы барлық деректер: автокөлік құралы кімге тиесілі екені, қандай құқық бұзушылықтар тіркелгені, техникалық байқаудан өткен-өтпегені және сақтандыру полисі ресімделгені туралы деректер болады. Бүгінде патрульдік полицияның саптық бөлімшелерінде осындай 8 649 планшет бар.

Жеке басты куәландыратын құжаттарға Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі жатады. Студенттік билет, қызметтік куәлік бұл тізімге кірмейді.

Бұл өзгеріс шетелдік нөмірлері бар көліктерге, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізу құқығына куәлік алған жүргізушілерге қатысы жоқ. Олар жүргізу кезінде жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсетуге міндетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір