• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:07:03
Алматы
+35°

АҚШ президенті Джо Байден заң шығарушыларға Қытай агрессивті түрде АҚШ-тан инфрақұрылымнан озып жатқанын ескертті.

"Олар көп ақша салады, миллиардтаған доллар инвестиция жасайды, сонымен қатар, олар көлік, қоршаған орта және басқа да мәселелермен байланысты барлық мәселелерді шешеді" деді Байден екі партиялы сенаторлар тобына. 

"Оларда теміржол бойынша үлкен, жаңа бастама бар және оларда сағатына 225 миль жылдамдықпен жүретін теміржолдар бар" деп түсіндірді ол сәрсенбіде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен екі сағат сөйлескенін айтып.

"Сендер білесіңдер, егер біз қозғалмасақ, олар біздің түскі асты тартып жейтін болады" деді Байден Қоршаған орта және қоғамдық жұмыстар комитетінің мүшелерімен кездесуден кейін.

Өткен аптада Байден Мемлекеттік департаментте сөйлеген сөзінде Бейжіңге қарсы тұру үшін одақтастармен тығыз жұмыс істейтінін айтты.

АҚШ президенті "Біз Қытайдың экономикалық ереже бұзушылықтарына қарсы тұрамыз" деді және Бейжіңді Американың "ең маңызды бәсекелесі" деп сипаттады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ Байден

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір