• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

24 Қаңтар, 12:02:57
Алматы
-3°

Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту үшін Америкаға көшуді жоспарлап отыр. Әнші бұл ойын  өзінің instagram парақшасында жалпақ жұртқа жария етті.

 MTV USA бағдарламасына Кеван Кенниге берген эксклюзив сұхбатынан үзінді жариялалаған ол мұнысын былай түсіндірді: 

– Сұхбатта Қытайда қанша жыл өмір сүргенім және Америкаға өз шығармашылығымды қолдау үшін қашан көшуді жоспарлап отырғаным туралы білесіздер, – деп жазды әнші.

Димаш өзіне Қытай тұрғындарының ұнағанын, жанкүйерлерінің өте қамқор екенін және онда шығармашылық жағынан қалай дамығанын айтты.

Сөз соңында әнші әлі де болса өз мүмкіндігін дамыту мақсатында уақытша болса да Америкада тұрып көруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір