• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:38:41
Алматы
+35°

АҚШ-тың Ресеймен немесе Қытаймен ядролық соғыс бастауының "нақты ықтималдығы бар" деп ескертеді АҚШ әскери басшысы. Бұл туралы The Times басылымы хабарлады.

АҚШ-тың жоғары әскери қолбасшысы Чарльз Ричард ядролық соғысты болдырмау үшін Америка Құрама Штаттары Қытай мен Ресей арасындағы қайшылықты бәсеңдету керек екенін ескерткен сараптама жазды. 

Әскери қолбасшысы тағы бір қырғи қабақ соғыс қаупі туралы, тіпті нақты Ядролық қақтығыс туралы ескертті. Ресеймен немесе Қытаймен ядролық соғыс - бұл "нақты мүмкіндік" деп ескертті адмирал Чарльз Ричард.

"Ядролық соққы беру қабілеті мен зымыранға қарсы қорғанысқа жауапты АҚШ-тың стратегиялық қолбасшылығының басшысы алаңдаушылық тудырған ескертуді жариялады" деп хабарлады The Times.

Сараптамада державалардың жаһандық бейбітшілікті сақтау үшін сын сағаттарда тұрғаны айтылған.

Адмирал өзінің талдауларында Пентагонның соңғы онжылдықтардағы терроризмге қарсы іс-қимылға баса назар аударуы ядролық қатерді "елемеуге" әкеліп соқтырғанын ескертті.

Газеттің ақпаратына сәйкес, әскери қолбасшы былай деп жазды: "Ресеймен немесе Қытаймен аймақтық дағдарыстың ядролық қарумен байланысты қақтығысқа жалғасуының нақты мүмкіндігі бар. Режимге немесе мемлекетке қауіп төнетін болса, соғыстың тұтануы әбден мүмкін."

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Қытай Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір