• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:41:42
Алматы
+35°

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректорлары тағайындалды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сайт мәліметінше, 2021 жылы 5 ақпан күні "әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі басқарма төрағасы - ректор лауазымына үміткер болған кандидатураларды қарастырған.

Аталған лауазымға үміткерлер ЖОО дамыту бағдарламаларын дайындап, ҚазҰУ директорлар кеңесінің мүшелеріне таныстырды. Нәтижесінде конкурсқа қатысқан бірнеше үміткердің ішінен Жанар Амангелдіқызы Темірбекова мен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың кандидатурасы республикалық комиссияның қарауына ұсынылды.

"ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық өткен республикалық комиссия директорлар кеңесі ұсынған кандидаттармен әңгімелесу өткізіп,  "әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты таңдады" делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚазҰУ директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде Рахман Алшанов, Күнсұлу Зәкария, Нұрлан Смағұлов, Еркін Тәтішев, Арманжан Байтасов және басқа азаматтар кіреді.

Дәл сол күні "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі басқарма төрағасы –ректор лауазымына үміткер ретінде конкурсқа қатысқан бес азамат әзірлеген университетті дамыту бойынша бағдарламаларын қарастырды. Дауыс беру нәтижесінде республикалық комиссияның қарауына Сәуле Көшкенқызы Амандықова мен Ерлан Батташұлы Сыдықовтың кандидатуралары ұсынылды.

"Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық еткен республикалық комиссия директорлар кеңесі ұсынған үміткерлермен әңгімелесу өткізіп, "Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы - ректоры лауазымына Ерлан Батташұлы Сыдықовты таңдады" делінген хабарламада.

ЖОО директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде Мұрат Әбенов, Қанат Нұров, Әлихан Бәйменов, Данияр Әшімбаев, Александр Ван Де Путт және басқа да азаматтар кіреді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ҚазҰУ ЕҰУ Ректор

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір