• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:02:27
Алматы
+35°

Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде дәрі-дәрмек тапшылығы болмайтынын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойдан дәрі-дәрмек бағасы қалай қадағаланып жатқанын сұрады. Министр дәрі-дәрмектің шекті бағасын қадағалау мәселесі қайта қаралғанын айтты.

– Қазіргі уақытта коронавирус препараттары бойынша маркетингтік шығындардың бәрін алып тастадық. Дәріханаларда тапшылық болмас үшін біз коронавирусқа шалдыққан адамдарға амбулаториялық дәрі-дәрмекті тегін қылдық. Бұл да дәріханалардағы кезекті жойды. Осылайша, біз антиковид препараттардың бағасын орта есеппен 27 пайызға арзандаттық. Сонымен қатар биыл "Халық денсаулығы" кодексіне тиісті өзгерістерді енгізіп, бөлшектік сегменттегі бағаларды қадағалау тетігін алып тастамақпыз. Осылайша. біз бөлшектік сегменттегі бағаны төмендетерлік қосымша тетіктерге ие боламыз, – деді ол.

Президенттің "яғни дәрі-дәрмек тапшылғы болмайды ғой?" деген сұрағына Алексей Цой "иә" деп жауап берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір