• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:19:57
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі бүгін, 26 қаңтарда 24 қаңтар күнгі эпидемиологиялық ахуалды жариялады.

Министрлік мәліметінше, бір тәулікте 1266 адамнан коронавирус анықталып, 15 адам өлген. 8 адам пневмония жұқтырып, 3 адам көз жұмған.

 

26 қаңтардағы мәлімет бойынша,  27 134 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 576 пациент стационарда, 20 558 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ шалдыққандардың арасында 285 адамның жағдайы ауыр; 43 пациенттің жағдайы өте ауыр, 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстанда 2020 жылғы 13 наурыздан бері 179 720 адамнан коронавирус анықталған. 2495 адам қайтыс болған. 2020 жылғы 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, 47445 адам пневмония жағдайы тіркелген. 558 адам көз жұмған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір