• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:19:26
Алматы
+35°

Желіде ақын Олжас Сүлейменов пен зайыбы Маргарита Владимировнаның COVID-19 жұқтырғаны туралы ақпарат тараған. Ақпаратты Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы жақсарған хабарланды.

"Олжас Сүлейменов зайыбы екеуі 5 қаңтардан бері коронавирустың жеңіл деңгейі диагнозы бойынша И.С.Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалында (РВ-90) ем қабылдап жатыр. Жағдайының жақсаруына байланысты 2021 жылғы 15 қаңтарда оларды үй жағдайында емделу үшін ауруханадан шығару жоспарланған" делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Бүған дейін журналист Бигелді Ғабдуллин Олжас Сүлейменов пен оның әйелі Маргарита Владимировна Алматыдағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілгенін, Маргарита Владимировнаның жағдайы ауырлау екенін жазған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір