• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

25 Қаңтар, 16:08:22
Алматы
-3°

Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері Г. Надуев карантинді күшейтуге қатысты қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес:

  • ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды сондай-ақ отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізуге тыйым салынады;
  • спортшылардың Қазақстаннан тыс жерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуына, сыртқа шығуына тыйым салынады;
  • карантин режимін сақтай отырып, қоғамық көліктердің жұмысына рұқсат беріледі;
  • жеке автокөліктердің өңірлер арасында жүруіне рұқсат етіледі;
  • облыс аралық жолаушылар поездарының қозғалыстарына рұқсат етіледі.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер оқушылар мен студенттер 2020-2021 оқу жылының ІІІ тоқсанынан/екінші семестрінен бастап қалай оқитынын айтты.

  • сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беру мектептерінде 1-ден 5 (7) сыныпқа дейін қоса алғанда, кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат етіледі;
  • 9, 11 (12) сыныптарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту енгізілді. Пәндердің 70%-ы – дәстүрлі форматта, 30%-ы – қашықтан оқытылады;
  • 5 оқушыға дейінгі топтарда жеке консультациялар өткізуге рұқсат етіледі;
  • ТжКБ, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 1 курс студенттерін аралас оқыту форматында оқытуға рұқсат етіледі.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір