• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:44:58
Алматы
+35°

Алматыда жол апаты болып, төрт жеңіл көлік және манипулятор көлігі зардап шекті. Бұл туралы zakon.kz сайты хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы Бекмаханов көшесінің бойы шығыс бағытта, Қапшағай көпіріндегі айналма жолда болған. Алдымен Toyota Mark II мен Toyota Chaser соқтығысқан. Ортада келе жатқан Mark II жүргізушісі оңға қарай көлігін бұрғанда артынан Chaser келіп қалғанын байқамаған. Соқтығысқан екі көлік екі жаққа ұшқан. Марк II сол жолмен кетіп бара жатқан Hyundai Elantra-ға, ал Chaser жол бойында тұрған Hino манипуляторына соғылады. Тіреу табаны бар манипуляторға соғылған шетелдік автокөлік кейін серпіліп, кетіп бара жатқан BMW 5-ті соққан.

Апат салдарынан Toyota Chaser жүргізушісі мен жолаушысының бірнеше сүйегі сынған, олар ауруханаға жатқызылды.

Барлық машиналар бір бағытта келе жатқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жол апаты Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір