• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:15:14
Алматы
+35°

Бақытжан Темірболат мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда сайты.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды" делінген  ресми сайттың хабарламасында.

Бақытжан Темірболат 1972 жылғы 10 желтоқсанда дүниеге келген.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін саясаттану мамандығы бойынша тәмамдаған. Осы жылы президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер ретінде еңбек жолын бастады.

2000 жылы президентінің әкімшілігіне жұмысқа шақырылып, Ішкі саясат бөлімінде, ақпараттық-талдау орталығында, қауіпсіздік кеңесі хатшылығында консультант, бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор лауазымдарында қызмет етті.

2007-2018 жылдары президент кеңсесі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

2018-2019 жылдары президентінің әкімшілігі жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

2019 жылғы шілдеде мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бақытжан Темірболат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір