• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:29:27
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында мектепке дейінгі, орта және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді дамыту мәселелері қаралды.

Вице-министр Шолпан Таңатқызы балабақшада қазақ тілінде білім беру 33,1 пайызға артқанын, қазақша білім алатын оқушылардың 66 пайызға жеткенін атап өтті.

Министр Асхат Аймағамбетов мектепте 11 жыл қазақ тілі оқытылатынына қарамастан кей оқушылар тілді меңгермей шығатын жағдай әлі де бар екенін айтып, мұндай мәселелерді шешуге жүйелі шаралар қолданылу керектігіне назар аударды.

Оның сөзінше, Тіл комитетінің Білім және ғылым министрлігіне берілуі қазақ тілін меңгеру мәселесін білім беру ұйымдарында күшейту мақсатынан туып отыр.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазақ тілі ұлтаралық тілге айналуға тиіс деген тапсырмасы бар. Мұны балабақша мен мектептерден бастаймыз. Тіл комитетінің Білім және ғылым министрлігіне өтуі осы жұмысты үйлестіруге, жүйелеуге бағытталған. Білім беру ұйымдарында қазақ тілін үйретуге арналған әдістемені жетілдіріп, жүйелеп, мәселені шешуіміз керек. Бұл келер жылдың басты жұмысы болмақ, – деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір