• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:54:45
+35°

Қытайдағы Оңтүстік Қытай теңізін зондтау бастамасы (SCSPI) сараптамалық ұйымы Джо Байденнің АҚШ президенті лауазымына кірісуіне дейін Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленіс жан-жақты соғысқа ұласуы мүмкін деп ескертті. Даулы аймақ төңірегіндегі қауіпсіздік мәселелеріне назар аударатын қытайлық сараптама орталығы Newsweek-ке ықтимал қақтығыс қаупі бар екенін айтты. 

SCSPI деп аталатын сараптамалық ұйым шиеленістің күшеюі кезінде екі қуатты мемлекет арасындағы "күтпеген" қақтығыс ықтималдығын жариялады.

Ұйым "Біз әлі күнге дейін қақтығыс қаупі артып келеді деп санаймыз. Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында аз айтылғанымен, әр күн сайын екі жақта бірнеше мәрте бір-біріне бетпе-бет келді. Егер АҚШ пен Қытай дағдарысқа қарсы іс-қимылдың маңызды шараларын таба алмаса, апат немесе күтпеген жанжалдың пайда болу қаупі әлі де жоғары болады" деп мәлімдеді..

Теңіз стратегиясын зерттеу орталығының директоры Ху Бо бұған дейін Вашингтон мен Бейжің арасындағы ықтимал қақтығысқа қатысты алаңдаушылық білдірген.

Ол "АҚШ Қытайдан басқа салаларда бөлінуге тырысқанымен, олар әлі де тығыз байланысты. Кең ауқымды қақтығыс мүмкіндігі аз болғанымен, орташа немесе кішігірім қақтығыс болуы мүмкін, мысалы, екі әскери кеме бір-біріне соғылуы немесе екі елдің әскери кемелері мен әуе кемелері анда-санда айқасуы мүмкін" деді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір