Украина президенті Владимир Зеленский The New York Times газетіне берген сұхбатта Америкадағы сайлауда жеңімпаз атанған Джо Байденнің президенттігінен қандай үміт күтетіні туралы айтып берді.

Зеленский АҚШ-тың сайланған президентінің Киевпен "тығыз байланысын" және оның украин менталитетінің ерекшеліктерін түсінетінін атап өтті.

– Бұл шынымен қарым-қатынасты нығайтуға, Донбастағы соғысты шешуге және біздің аумақты жаулап алуды тоқтатуға көмектеседі. Америка Құрама Штаттары көмектесе алады, – деді Украина президенті.

Зеленский Американың қазіргі таңдағы президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне қолдау көрсеткені үшін, оның ішінде Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдатқаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен бірге ол америкалық билік көп нәрсені істей алатынын атап өтті. Мысалы, Донбастағы "қақтығысқа жақын үкімет басқаратын аудандарға" инвестицияларды белсенді түрде ынталандыру.

Украина президенті АҚШ-ты Қырымды "қайтару" мәселесінде көмектесуге шақырды.

– Қазір біз "Қырым платформасын" құрып жатырмыз, әрине, онда Қырымды қайтарудың негізгі ойыншылары саналатын елдерді көргіміз келеді. АҚШ бұл бағытта көшбасшы бола алар еді, – деп толықтырды Зеленский.

Донбастағы жағдай аясында Мәскеу мен Киев арасындағы қарым-қатынас нашарлаған. Украина билігі бұған дейін Мәскеуді елдің ішкі істеріне араласқаны үшін бірнеше рет айыптаған. 2015 жылдың қаңтарында Украинаның Жоғарғы радасы Ресей "агрессор ел" деп мәлімдеме жасаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір