• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:53:38
Алматы
+35°

Фото: көрнекі сурет

Таулы Қарабақтағы Шуша қаласы маңында "Минаға қарсы халықаралық орталық" минадан тазарту тобының офицері қайтыс болды. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып ria.au сайты хабарлады.

"Шуша елді мекені маңындағы жол учаскесін минадан тазарту кезінде жарылыс құрылғысы бұзылды", – деп атап өтті ведомство қызметкері.

Нәтижесінде әскери қызметкер ауыр жарақат алды. Оған жедел медициналық көмек көрсетілді, алайда госпитальға тасымалдау кезінде ол алған жарақатынан қаза тапты.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскери қызметшілердің отбасына барлық мүмкін және қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі.

Бұған дейін, Қарабақтағы қақтығыстың аяқталғаны хабарланған. Нәтижесінде Ресей, Әзербайжан, Армения елдерінің арасында үшжақты келісім жасалып, Қарабақ және де бірнеше аймақ Әзербайжанға қайтарылған болатын. Соғыс қимылдары аяқталғанымен, оған дейінгі орнатылған жарылғыш заттар әлі күшін сақтаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір