• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:22:20
Алматы
+35°

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" арнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің екінші бөлімінде оппозиция туралы ойын айтты.

– Саяси оппозиция мемлекетпен бірге құрылады. Оны қолмен жасауға болмайды. Міне, мен бірнеше адамды жинап алып, сендер оппозициясыңдар, жұмыс істеңдер демеймін ғой. Бұлай болмайды. Біз еркін, демократиялы ел екенімізді түсінемін. Олай болса, сантүрлі пікір болуға тиіс, – деді экс-президент.

Ол қандай оппозиция қалағанын атап айтты.

– Егер оппозиция болып, айтатын сын болса, мынау қате, мынау дұрыс деп нақты ұсынуы керек. Міне, бұл – оппозиция. Олармен келіссөзді бастасаң, "ұсынып отырғаныңды істейсің бе, жоқ па?" деп сұрайсың. Осындай оппозиция болғанын қалайсың. Ал мұндай оппозиция болмады, – деді Назарбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір