• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:32:30
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2020 Әлеумет

Нұр-Сұлтанда мәйіті табылған Сымбаттың өлімінен кейін петиция жарияланды

Сымбат Құлжағарова желтоқсанның 9-ынан 10-на қараған түні биіктен құлап қайтыс болған.

Фото: Facebook

Не Молчи-дің Facebook парақшасында Сымбат Құлжағарованың өлімінен кейін Қазақстан президенті мен республика парламентіне арналған "Қазақстан әйелдеріне қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық" атты петиция жарияланды.

Сымбат Құлжағарова желтоқсанның 9-ынан 10-на қараған түні биіктен құлап қайтыс болған. Тексеру барысында оның хат қалдырғаны анықталған. Онда Сымбат өз өліміне ешкімді кінәламайтынын жазған. Алайда оның туыстары Сымбаттың суицид жасағанына сенбейді. Олар істің мән-жайын тексеруді талап етіп отыр. Сымбат бұған дейін әлеуметтік желіде күйеуі оны жиі соққыға жығатынын айтып  халықтан көмек сұраған. Ол психикалық ауруға шалдыққан науқас ретінде ауруханаға жатқызылған. Алайда оның достары Сымбаттың сау болғанын айтады.

Не Молчи-дің Facebook парақшасындағы петиция авторлары тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға өзгеріс енгізуді талап етіп отыр. Петиция авторларының айтуынша, қолданыстағы заң әйелдердің өміріне қауіп төндіреді.

Петицияға 22000 адам  қол қойған.

Сымбат Құлжағарова Ақтауда дүниеге келген. Алматыда KIMEP-ті бітіріп оқуын LSC-де (London school of commerce) жалғастырған. 2013 жылы Лондонда сұлулық байқауын қатысып, жеңіске жеткен. Сымбат сурет салу мен билегенді жақсы көретін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір