• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

25 Қаңтар, 17:50:49
Алматы
-4°

10 Желтоқсан, 2020 Барлық аймақтар

"Өркен" грантына конкурс жарияланды

Білім грантына өтініш қалдыру мерзімі биылғы 2 желтоқсанынан 2021 жылдың 23 қаңтарына дейін жалғасады.

Фото: Jetisy Media

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылында 7-сыныпта оқуға үміткер оқушыларға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау конкурсын жариялады. Бұл туралы "Jetisy Media"  ақпараттық алаңында мәлім болды.

Білім грантына өтініш қалдыру мерзімі биылғы 2 желтоқсанынан 2021 жылдың 23 қаңтарына дейін жалғасады. Карантиндік шектеулер кезінде санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу үшін онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет  құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына Конкурсқа қатысу үшін өтініш беріп,сауалнама толтырып, үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесін, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі мен 086/у медициналық анықтама формасын және үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесін тапсырады.  Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек.

Ал негізгі тестілеу кезеңі келер жылы наурыз айының 11-12 жұлдызында өтеді.

Еліміздің басты білім беру ордасында оқуға ниетті бөбектер "математика", "сандық сипаттамалар", "жаратылыстану" пәндері мен қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша сынақ тапсырады. Осы арқылы ұстаздар қауымы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру қабілетімен,  тілдерді меңгеруін бағамдайды. Айта кетеміз, емтихан тапсыру уақыты 120 минутты құрайды. Ата-аналар сынақ тапсыру барысын YouTube және  QR код арқылы онлайн бақылай алады.

Мемлекет тарапынан ұсынылған бұл грантты жеңіп алу үшін оқушылар негізгі шекті балды жинауы тиіс. Мәселен, математикадан 140 баллдан кем болмауы шарт. Ал, сандық сипаттамалардан 120 баллдан жоғары межені бағындыру қажет. Білім мекемесінің басшылығының айтуынша, емтиханға биылғы жылы "Жаратылыстану" бөлімі бойынша апробациялық тест өткізіледі. Бірақ та, оқушыларды іріктеу конкурсында  апробацияның нәтижелері есептелмейді. Балалар тапсырған сынақ шетелдік "СИТО" орталығына жіберіледі. Ондағы мамандар білімгерлердің қабілетін тексереді. Артынша тест нәтижелері мектеп басшылығына жеткізіледі. Осылайша емтиханның  қорытындысы 40 күнде белгілі болады.

Бүгінгі күні Назарбаев зияткерлік метебіне түсу үшін 86 оқушы өтініш берген. Оның 70%- ы қазақ, қалған 30% орыс сыныптарында оқуға құлық танытып отыр.

"Алдағы уақытта неше сынып ашылатыны тестілеу нәтижесіне байланысты болмақ. Өткен оқу жылында 4 қазақ, 2 орыс сыныбына балдырғандарды қабылдағанбыз", -дейді  Назарбаев зияткерлік мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ерали Қыдырбайұлы.

Назарбаев зияткерлік мектебі  тек ғылымға  ғана ден қойып қоймай, балалардың шығармашылықпен  айналысуына да мүмкіндік қарастырған.   Онда білім алатын оқушылар бос ауықттарында тенис, тоғызқұмалақ,  дойбы сынды үйірмелерге қатысып қана қоймай, "Википедия" атты арнайы клубта  мемлекеттік тілде мақала жазып, оны ғаламтор кеңістігіне жүктеумен айналысады.  Одан бөлек,  "Туған елге тағызым", "екі апта ауылда" сынды әлеуметтік жобаларға да қатысады. Бұл өз кезегінде балалардың  тұлғалық дамуына ықпал етеді.  Сондай-ақ, қосымша қытай,кәріс, неміс тілдерін  үйрене алады. Бірақ елдегі эпидемиологиялық жағдайға орай бұл жоба әзірге тоқтап тұр.

Биылғы жылдан бастап аталмыш білім ордасы бастауыш сыныптарға білім беруін тоқтатқан. Ендігі де сапалы мектепте оқу тек 7 сыныптан мүмкін болмақ.   Есесіне оқу ордасында екі 12 сынып    тереңдетіліп оқытылады.    Өңірдегі үздік білім ошағына түсуші жастардың 40 пайызы шалғай-елді мекеннен келушілерді құрайды. Олардың оқуына жағдай жасау үшін мектеп жанынан 146 орынға лайықталған жатақхана да қарастырылған.

Баршаға белгілі ел аумағында коронавирус салдарынан оқу онлайн форматқа ауыстырылған.  Аталмыш мектептің мұғалімдері  Microsoft Teams платформасында білім беруді жалғастыруда. Қашықтықтан білім беру жүйесі оқу ордасының көрсеткішіне еш кері әсерін тигізбеген. Керісінше бағалау көрсеткіші соңғы 11 жылда ең жоғарғы нәтижені көрсетіп, 85 пайызға жеткен. Оның сыры, мектеп басшылығы ұстаздар мен оқушыларды керектінің барлығымен қамтығанында.  Білім ордасы тарапынан 150-ден астам оқушыға ноутбук берілген. Дәл солай мұғалімдерге де  техникалық жағынан қолдау көрсетіліп отыр.  Бұл сапалы білім беру арқылы, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы өлшеусіз еңбектің нәтижеcі.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір