• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:06:37
Алматы
+35°

Алматыда «Қызыл алма – берік және бақытты отбасының символы» атты қайырымдылық фестивалі өтті.

Онлайн форматта ұйымдастырылған шараға Республикамыздың әр өңірінен тағдыр тауқыметін тартқан мүмкіндігі шектеулі 43 бала қатысты. Талантты жас бүлдіршіндер ән шырқап, би билеп, өлең оқыды. Сондай-ақ ұйымға көмектескен еріктілерге бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

«Біз бұл шараны 9-рет өткізіп жатырмыз. Бірақ соңғы үш жыл қатарынан фестиваль ретінде өткізудеміз. Дамуында немесе қарым-қатынасында белгілі бір қиындықтарға тап болған балалар, шын мәнінде, іштерінде үлкен талантқа ие. Баланың талантын ашу мақсатында біз осындай іс-шара өткізіп жатырмыз», – деді фестиваль ұйымдастырушысы Эльмира Әлиева.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы Қызыл алма

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір