• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 02:08:44
Алматы
+35°

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев экс-банкир Мұхтар Әблязовқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол "Штрихи к портрету" деректі фильмінде айтты. 

– Мәселен, Әблязов сатқын емес пе? Мен оны жас кезінде энергетика министрі қызметіне тағайындадым. Ал ол ұрлық жасады. Түрмеге отырғыздық. Сол жерден талай рет кешіруімді өтініп туыстары мен достары хат жазды, – дейді ол. 

Оның айтуынша, біршама уақыттан кейін Мұхтар Әблязовқа рақымшылық жасалып, түрмеден шығарылған. 

– Ол әлі де түрмеде отыра беруші еді. Бірақ ол түрмеден шыққаннан кейін банк басшылығына қайтадан оралуды сұранды. Ал ол не істеді? 7,5 миллиард долларды ұрлап кетті. Енді сол қаржыға 15 жыл батыста тұрып жатыр. Бұдан басқа қандай ақшаға күн көреді ол? Ол жақта жұмыс істеп жүрген жоқ. Жалақы да алмайды. Оның бәрі халықтың ақшасы.

Мемлекет адамдардың ақшасын қайтарып берді. Әлі күнге дейін сол ақшаны іздеп жатырмыз. Біртіндеп біз миллиардты қайтарудамыз.

Әсіресе қазақтың баласына шетелде өмір сүру оңай емес. Қазақ "өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деп бекер айтпаған.

Жарайды, шетелде 10 рет мейрамханаға барарсың, қымбат костюм де киерсің, гамбургерді тойғанша жерсің. Бірақ оның бәрі бөтен нәрсе ғой. Туған жеріңе, туған еліңе жетпейді.

Әрине мен оны қызғанбаймын. Бірақ бұлай болғаны өте өкінішті.  Ол жақсы жұмыс істесе, Отанына пайдасын тигізер еді. Бірақ қашқын болып шықты, – деп атап өтті Назарбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір