• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қазан, 12:18:12
Алматы
+14°

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысудан бас тартты. Бұл туралы партия төрағасы Асхат Рахымжанов партияның кезектен тыс съезінде хабарлады.

Ол елде сайлау туралы жаңа заң қабылдаса да, жағдай өзгермегенін айта келе, сайлауға қатысудан бас тарту туралы ұсыныс жасады.

– Мәжіліс пен мәслихат сайлауына бойкот жариялау туралы съездің қарауына ұсынылады. Билік оппозициялық партия статист ретінде көпшіліктің қызығушылығын тудыру үшін сайлауға барады деп санайды, – деді Асхат Рахымжанов.

Ұсынысты партияның 32 мүшесі қолдаса, 3 адам қарсы шықты. 5 адам қалыс қалған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ЖСДП бойкот

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір