26 қараша күні "ҚР Тұңғыш президенті: жасампаздық пен үдемелі дамудың 30 жылы" атты халықаралық конференцияда Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапына мақтау сөздер көп айтылды,  соларды топтастырып көрейік.

Қытайдың бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу:

– Тұңғыш президент Назарбаев – халықаралық қоғамдастықтағы беделді саясаткер болумен қатар, қытай халқының тілеулес досы ретінде ұзақ уақыттан бері қытайлық-қазақстандық тату көршілік және достық ынтымақтастықты нығайтып, Қытайда жоғары беделге ие болып келеді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева:

– Расында да қазақ деген ұлтты әлемге танытып, Қазақстан деген елді дүние төріне оздырған Елбасының осы парасатты еңбегі, салиқалы саясаты. Содан болар, бұл мереке бір тұлға емес, тұтас ұлттың, тәуелсіз жұрттың ортақ қуанышы деп нық сеніммен айта аламыз.

ҚР Тұңғыш сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов:

– Нұрсұлтан Әбішұлы саяси көрегендігімен елдің болашағы үшін жаңа ұстанымды даярлай алды. Дегенмен оған жету оңай мақсат болмады. Сол кезеңде еске алсақ, бұл өз кезегінде еліміздің дамуының траекториясын айқындаған ең маңызды тарихи кезең болды.

Төрт фильмде Елбасының рөлін сомдаған актер, мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжан:

– "Рухани жаңғыруды" қарап, Елбасының үлкен саясатын, еңбегін көріп отырмыз. Қай жерге барсақ та, тұңғыш президенттің аты аталады. Елбасы – ол әлем мойындаған саясаткер, бүкіл түркі әлемінің абызы. Әлем елдеріне барған кезде Елбасыны көрген әрбір адам тек қана жақсы пікірлерін айтып жатқанын байқадық.

Түркия ұлттық жиналысының төрағасы Мустафа Шентоп:

– Қазақстанның үдемелі дамуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың демократияны, адам құқықтарын және Заң үстемдігін дамыту жолында қабылдаған қадамдары маңызды орын алатыны сөзсіз. Нұрсұлтан Назарбаев – жол бастаушы және даналыққа ие тұлға. Сондықтан оның құнды көзқарастарын бүкіл әлем қолдануы керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір