Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Украина премьер-министрі Денис Шмыгалдың жалған ПТР-тест анықтамасына қатысты сұраған кешірімін қабылдамады. Бұл туралы 112.ua сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, Асқар Мамин Украина премьер-министрі Денис Шмыгалдың кешірімін қабылдамаған. Денис Шмыгал қол астындағы инфрақұрылым министрі Криклидің жалған ПТР-тест анықтамасын жасап алғаны үшін кешірім сұраған еді.

12 қарашада Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Украина делегациясымен кездесу өткізген. Алайда қауіпсіздік қызметі Украина инфрақұрылым министрі Владислав Криклиді Маминмен кездесуге жібермеген. Өйткені ол ПТР-тесттің жалған анықтамасын жасап алғаны анықталған.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір