Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.
 
Оның хабарлауынша, президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процесін ұйымдастыру ісімен танысады.
 
"Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған. Сонымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатына барады" деп жазды берік Уәли.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев Қарағанды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір