• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:14:35
Алматы
+35°

Фото: Ауыл партиясының баспасөз қызметі

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы «Ел Аманаты» жалпыұлттық сауалнамасының қорытындысын шығарды. «Ауыл» партия төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков Орталық коммуникациялар кызметінде өткен брифинг барысында, сауалнамаға елдің түкпір-түкпірінен 212 658 қазақстандық қатысқанын жариялады. Партия өкілдері «сауалнама қортындысы бойынша азаматтарды толғандыратын аса өткір әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық маңызы бар проблемалар анықталды» деп мәлімдеді.

Онлайн және офлайн форматтарда жүргізілген сауалнама барысында партия мүшелері жүздеген ауылды аралаған.

«Ел Аманаты» жалпыұлттық сауалнама барысында анықталған аса маңызды қоғамдық проблемалардың қатарына мыналар кірді:

– тиімсіз бағдарламаларға мемлекеттік бюджет қаражатын жұмсауды тоқтату;

– жаңа әлеуметтік саясатты әзірлеу, оның ішінде әр балаға жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету;

– шетел азаматтарына жерді сатуға және жалға беруге тыйым салу;

– жастар үшін білімге, жұмысқа және тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

– тұрақты жұмыс орындарын құру. Еңбекті әділ бағалау және жұмысшылардың мүдделерін қорғау;

– жолдар мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу кезінде қоғамдық бақылауды күшейту;

– «qandastar» үшін ҚР азаматтығын алуды жеңілдету;

– жемқорларды жазалау шараларын қатаңдату және тағы басқалар.

«Ауыл» партиясы осы және өзге де өзекті мәселелерді алдағы мәжіліс сайлауы нәтижесі бойынша парламентке өтіп жатса, жоғары мінберден көруге ниетті.

26 қазанда өткен саяси кеңес отырысында партия 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына қатысатынын мәлім еткен.

– Бұл – біз үшін үлкен саяси оқиға. Біз Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан саяси партияның бірі ретінде осы саяси науқанға қатысуға толық құқылымыз. Партиямыз құрылғалы жиырма жылда мақсатымыз, жұмысымыздың мазмұны, саяси платформамыз өзгерген жоқ. Соңғы бес жылда 52 мыңнан астам Қазақстан азаматы партия қатарынан көрінді. Партиямыздың идеясын қолдаушылар жылдан жылға өсіп келе жатыр. Алдағы сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қатысуы туралы ұсыныс енгіземін, – деген «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев.

Ал партияның саяси кеңес ррезидиумы мәжіліс және мәслихаттарға кезекті сайлаудың жариялануы туралы «Бұл – қазіргі кезеңдегі коронавирус пандемиясына қарамастан еліміздің барлық азаматтарына Конституцияда көрсетілген сайлау құқын пайдалануға мүмкіндік беретін дұрыс шешім. Сайлау – кез келген мемлекеттің демократиялық дамуының ажырамас бөлігі.

Конституциялық мерзімде өткізілетін бұл сайлау әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастырылуы, парламенттік оппозиция институтының енгізілуі, сондай – ақ мәслихат депутаттарының партиялық тізіммен сайлануы сияқты белгілі бір жаңашылдықтарымен ерекшеленбек. Біз, ел тұрғындарының ауқымды бөлігінің мүддесін арқалаған партия ретінде, аталмыш өзгерістер халқымыздың саяси партиялар иститутына деген сенімін арттыра түседі деп есептейміз» деп мәлімдеме жасаған.

Ұзамай партия Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстық филиалдарының кезектен тыс конференцияларын өткізіп, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттарына ұсынылатын кандидаттардың партиялық тізімі қаралып, бекітілді. Сонымен қатар, партия бағдарламасының жобасы талқыланды.

– Мен үшін биылғы сайлаудың басты ерекшелігі жастарға облыстық, аудандық мәслихаттарға, бастысы Парламент мәжілісіне депутат ретінде сайлануға заңдық тұрғыда мүмкіндік берілуі. Ол дегеніміз елдің дамуына, болашағының жарқын болуы азда болса үлес қоссам деген жастарға берілген жоғары сенім деп білемін, – деді Бекнұр Мұратов Қостанай облыстық филиалы жастар қанатының төрағасы.

Партиялық тізімде үміткерлердің заңға сәйкес жастар мен әйелдердің 30 пайыздық квотасы сақталған. Бекітілген кандидаттардың көпшілігі – ауыл шаруашылығы саласының өкілдері. Одан бөлек, білім, медицина салаларының, шағын және орта бизнес, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар.

«Ауыл» партиясы ауылдың тыныс-тіршілігі мен болашағына байланысты маңызды мәселелерді ұдайы көтеріп келеді. Айталық 15 қарашада партия төрағасы Әли Бектаев Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының кезектен тыс конференциясында партия бағдарламасының жобасы бес тармақтан тұратынын атап өтті.

– Олар еліміздің ең өзекті мәселелерін қамтиды. Мысалы, қазіргі уақытта балалар капиталы бірде-бір заңда көрсетілмеген. Біз балаларға тек жәрдемақы бермеуіміз керек. Біз балаларға шын мәнінде олардың болашағын айқындайтын ақшалай қаражат беруіміз керек, – деп атап өтті Әли Әбдікәрімұлы.

Партия төрағасы сондай-ақ ауылдық жерлердегі жағдай туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

– Біздің ауылдар қазір өте қиын жағдайда. Олардың көпшілігінде мектептер мен медициналық пункттер жабылуда. Ауыл халқы қалаға көшіп келеді және үлкен қаржылық қиындықтарға тап болады. Біздің ауылдар ешқашан көмек сұраған емес. Бірақ олар бүкіл елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Біздің ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің қажырлы еңбегімен үстелімізге ет пен нан келетінін ұмытпауымыз керек, – деді партия төрағасы.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясы Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған сәтте азаматтарды азық-түлік бағасының құбылмалылығы қатты алаңдатанынына назар аударды.

– Әсіресе, ауылдағы гендерлік жұмыссыздық мәселесі өткір. Ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылардың жалақысы барлық салалардың ең төменгі деңгейінде қалып отыр. «Ауыл» партиясы ауыл халқының ғана мәселесін көтереді деген пайым қате. Біздің мақсатымыз партияның атауында тұр – Халықтық-демократиялық патриоттық партия. Біз қазақстандық патриотизмге негізделген демократиялық көзқарастарға жету үшін күресетін жалпыұлттық партиямыз. Бүгін «Ауыл» партиясы мен Қазақстан әйелдер аграрлық одағы арасында меморандумға қол қойылады. Бұл меморандум елді мекендерді жандандырып, саяси, тұрақты, экономикалық тұрғыдан мықты және әлеуметтік тұрғыда әділетті Қазақстанды құруға қызмет ететініне сенімдімін, – деп атап өтті Төлеутай Рақымбеков.

Партияның Түркістан облысы бойынша филиалы мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері бойынша шаруа қожалықтарының басшылармен кездесуде жер мәселесін көтерді.

Фото: Ауыл партиясының баспасөз қызметі

– Бір бас қойға норма бойынша жайылым екі гектардан келуі керек. Біз небәрі 3000 гектар жерге 7000 бас қойды бағып отырмыз. Жайылымның тапшылығынан жыл он екі ай бір орында малды бағуға мәжбүрміз. Егер Үкімет пайдаланылмай жатқан жерлерді шаруашылықтарға берсе жайылымдық жеріміз дегредацияға ұшырамаған болар еді, – деді «Сералы» шаруа қожалығының басшысы Б.Оразалиев.

Одан бөлек, шаруалар үкімет тарапынан төменгі пайызды несие мен ет өнімдерін өңдейтін құрал-жабдықтарға лизингтер қарастырылса деген ойларын айтты.

Ордабасы ауданындағы «Ауыл» партиясының ардагері Лесбек Ағабеков шаруаларға ең бірінші шаруасын экономикалық тұрғыдан дамыту үшін түрлі қаржы институттарын қысқартып бұрынғы Агробанкты қайта құру қажет деп есептейді.

Қожалық иелерін тағы бір қынжылтатын мәселе төрт түліктің терісі мен жүніне сұраныстың жоқтығы. Олардың айтуынша, қазіргі күні жүн мен тері экономикалық пайда әкелудің орнына шығын әкеп отыр.

– Бір қойды қырқу үшін әр басқа 300 теңге төлейміз. Бұл төленген 300 теңге желге ұшып жатыр. Себебі жүнге деген сұраныс жоқ. Терілері де іске аспай қалды. Бұлда шаруа үшін шығынның бір түрі. Үкімет тарапынан, Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрлігі арқылы тері, жүн өңдеу мен терең айналысса шаруалар үшін тиімді болар еді, – дейді Б.Оразалиев.

Партиялық мониторингтік топтар тұрақты негізде ауылдарға барып, инфрақұрылымның жай-күйі туралы біліп отырады. Осы жолы еріктілер тобы Ақмола облысына қарасты ауылдарды аралап операторлық байланыс пен интернеттің мүмкіндігін талдады.

– ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанда 93,5% ауылдық жерлерде интернет бар, 7,5 миллион халық интернетті пайдаланып отыр деген ақпарат берді. Мониторинг нәтижесі бойынша біз ауылдарды интернетпен қамту өте нашар деген қорытындыға келдік. Министрлер биік мінберлерден ауылдарда интернеттің қолжетімділігі туралы әдемі цифларды айтқанмен, партиялық мониторинг топ керісінше екеніне көз жеткізді! Мүмкін жауапты министрлік қызметкерлері кабинеттерінен шығып, ауылдарды аралауы керек шығар?, – деді партия төрағасы Ә.Бектаев.

Фото: Ауыл партиясының баспасөз қызметі

Мониторингтік топ Қорғалжын, Целиноград аудандарына қарасты Екпінді, Арықты, Кеңбидайық, Сабынды және Ақмол ауылындарын аралап ондағы интернет сапасымен танысты.

– Осы жерде ауылды сапалы, жылдамдығы жоғары интернетпен қамту мәселесі өзекті тұр. Бір ғана мысал, Елордадан 50-60 шақырым жердегі Оразақ ауылының ескі орталығын Қазақтелеком және бір оператор жақсы интернетпен қамтамасыз еткен. Бірақ су басқаннан кейін салынған Жаңақұрылыс аймағы Қазақтелекомның кабельді интернетін 5 жыл бойы ала алмай отыр. Ал Екпінді ауылында не байланыс, не интернет, не мектеп жоқ. Осыны қалай түсінуге болады. Әрине, осындай жағдайлардан соң «халық ауылдан неге көшіп жатыр» деген сұрақты қалай қоямыз. «Ауыл» партиясы ауыл үшін лайықты жағдай жасалуы керек деп есептейді, – деді партия төрағасы.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2015 жылдың 5 қыркүйегінде «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясымен Қазақстан патриоттар партиясының бірігуі нәтижесінде құрылған. «Ауыл» ХДПП Төрағасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаев болып табылады. «Саяси партиялар туралы» Заңға сәйкес, партияның барлық облыстарда және Республикалық маңызы бар Нүр-Сұлтан, Алматы мен шымкент қалаларында филиалдары бар.

Біріккеннен кейін партия парламенттік және мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты. 2016 жылғы сайлау қорытындысы бойынша «Ауыл» ХДПП-нан барлық деңгейдегі мәслихаттарға 38 депутат сайланды.

«Ауыл» партиясы ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені саласындағы кең ғылыми әлеуетті біріктіреді. Соның ішінде 13 мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары және олардың басшылары, ғылым кандидаттары мен докторлары, ғылыми қызметкерлер бар. Сондықтан, партия, ауыл шаруашылығын дамытуға әрекет жасаған мемлекеттік органдарға көмек көрсетуді өзінің міндеті деп санайды.

Ауыл тұрмыс-тіршілігі, ауыл шаруашылығы, ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқаты мәселелерін шешу Партия қызметінің негізгі бағыты болды және болып қала бермек. Бүгінгі күні шамамен 8 млн адам, немесе халықтың 45% ауылдық жерлерде өмір сүруде. Сондықтан ауыл және Агроөнеркәсіптік кешен, елдің толық ауқымды жаңғыртуын жүзеге асыруда ерекше орын алады.

Партия азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуды, қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды және экономиканың барлық секторларында ақылға қонымды іскерлік қарым-қатынасты жүзеге асыруға қолдау көрсетуді, ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғауды, мемлекеттік реттеу және ауыл шаруашылығы секторын қолдауды, сондай-ақ халықтың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруды өз жұмысының басты бағыттары ретінде қарастырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір