• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:24:10
Алматы
+35°

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Садыр Жапаров орталық сайлау комиссиясына мерзімінен бұрын президент сайлауына қатысу туралы хабарлама жіберді. Бұл туралы 24.kg жазды. 

Агенттіктің дерегінше, заңға сәйкес сайлау науқаны кезеңінде Жапаров президент өкілеттігінен кетуге міндетті. Ал сол міндетін атқарушы атауы парламент спикері Талант Мамытовқа өтуге тиіс. Сәйкесінше Мамытовтың бірінші орынбасары Артем Новиков премьер-министрдің міндетін атқарады.

Президенттікке үміткерлер тізімі де белгілі болды. Өтініш білдіргендердің ішінде зағип ақын Темірлан Ормуков, ішкі істер министрінің экс-орынбасары Курсан Асанов, "MZF Group" ЖШС бас директоры, экс-омбудсмен Тұрсұнбай Бәкір ұлы, бұрынғы әділет министрі Марат Қайыпов, №44 мектептің мұғалімі Қарагач Исмаилова және жұмыссыз жүрген Ербол Тоқтогулов бар.

Бұған дейін президент сайлауына қатысу туралы хабарламаларды ОСК-ға "Бутун Қырғызстан" партиясының жетекшісі Адахан Мадумаров, әйгілі "Қыс болмайды" мемінің авторы Арстан Алай, экономист Кубан Чороев, белсенді Назарбек Нышанов, Жалал-Абад облысының бұрынғы губернаторы Бектур Асанов, Қанат Исаев, зейнеткер Әбдікаар Сыдықов, "Ұлутман" саяси партиясының жетекшісі Сазықбай Турдумалиев, белсенді Нұрлан Мотуев, "ОшГаз" филиалының бұрынғы басшысы Рашид Тагаев, "Толубай" АҚ директорлар кеңесінің кеңесшісі Жеңісбек Байғуттиев, Конституциялық палатаның және Самараның Конституциялық палатасының бұрынғы судьясы Аймен Қасенов жазған болатын.

Қырғызстан Республикасындағы ең жоғары мемлекеттік лауазымға үміткерлерден өтініштерді қабылдау мерзімі бүгін аяқталды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қырғызстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір