• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:39:09
Алматы
+35°

Шетелде жүрген қазақстандықтар 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін парламент мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына қатыса алады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлады.

53 мемлекетте Қазақстан азаматтарының сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін  66 сайлау учаскесі ашылады.

"ҚР сайлау туралы конституциялық заңының 24-бабы 8-тармағына сәйкес, Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімі дауыс беру күніне дейін өзектендіріледі" делінген хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан азаматтары жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруі қажет.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір