• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қаңтар, 19:42:27
Алматы
-6°

"Әлемнің ақыры салдары өте ауыр асығыс шешімнен келуі мүмкін, өйткені АҚШ пен Ресейде шамамен белсенді 1800 ядролық ескерту бар, олар бір-бірін қысқа мерзімде жойып жіберуге дайын" деп жазды британиялық Дэйли Экспересс басылымы.

Басылым қырғи-қабақ соғыс кезінде Вашингтон мен Мәскеу үшінші дүниежүзілік соғысты бастауға шақ қалғанын, әсіресе Куба зымыран дағдарысы шиеленісті күшейткенін жазды. 40 жылдық қақтығыс кезінде екі ел де дабыл қағатын қауіпті деңгейге жеткен.

"Ядролық (соғысқа) бірнеше секунд қалғанда ғана (соғыс) болдырылмады. Бұл қауіп қайта оралды, өйткені АҚШ пен Ресей ядролық қарулануды жалғастыруда, ғылымдағы жетістіктер олардың тіпті жойқын екенін білдіреді" деп жазды газет.

Лондонда шығатын басылым "тарихтың қиямет күні" деректі фильміне сілтеме жасап, ядролық соғысқа бару туралы шешімнің қаншалықты ауқымды болуы мүмкін екені туралы болжам жазды.

Басылымның ақпаратына сәйкес, кейбір зымырандардың әрқайсысында Хиросиманы жойған ракетадан 50 есе күшті 10-ға жуық оқтұмсық бар. Ядролық ақпарат жобасының директоры Ханс Кристенсен ядролық қақтығыс қаупі алыс емес екенін айтты.

"Қолда бар 10 000 әскери ядролық қарудың шамамен 1800-і қысқа мерзімде баллистикалық зымырандардан ұшып шығуға дайын. Дайындықтағы ядролық қарудың басым бөлігі АҚШ пен Ресейге тиесілі...Бірінші соққыларда бір-біріне қарсы ұшып жатқан екі елдің ядролық оқтұмсықтары бар 600-ден 700-ге дейінгі баллистикалық зымырандар болар еді... Соққыға ұшырайтын алғашқы нысандар – Вашингтон, Мәскеу секілді маңызды әскери және азаматтық басшылық және басқару құрылымы бар қалалар. Ол қалаларға жасалған соққының салдары жойқын болуы мүмкін. Вашингтонда нысанаға бірінші алынатын орындар Ақ үй, Пентагон болар еді және 500 килотондық оқтұмсық диаметрі бір миль болатын от шарын жасайды" деді сарапшы.

Деректі фильмді гипотетикалық сценарий туралы және қақтығыстың жақын арада бүкіл әлемге қалай айналуы мүмкін екені туралы егжей-тегжейлі тоқталған.

Диктордың ақпаратына сәйкес, іс жүзінде бір уақытта АҚШ, Ұлыбритания және Франция Мәскеуге 80 оқтұмсықпен соққы бермек, қала алаудың сынықтары өрісіне айналады және бір миллион адам өледі... 6000 миль қашықтықта америкалық ядролық қарулар Бейжіңге соққы береді, өйткені АҚШ бұл шабуылдарға Қытайдың қатысы бар деп күдіктенеді... Қытайлық сүңгуір қайықтар АҚШ-тың батыс жағалауына, Сиэттлден Сан-Диегоға дейін ядролық соққылармен жауап қайтарады. Құрбан болғандар саны 100 миллионнан асады...Бомбалар үлкен өрт тудырып, 50 тонна түтекті ауаға жіберіп, күн сәулесін жауып, әлемді кенеттен ядролық қысқа айналдырады.

Палеонтолог Тревор Валле ғалымдар мұндай сценарий жерді екі онжылдықта мұздатып, адамзат баласына апатты әсер етуі мүмкін деп үрейленеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ядролық қару

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір