• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:42:23
Алматы
+35°

Алматы қаласында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерге өтініш қабылдау басталды. Құжаттар бүгіннен бастап 9 қарашаға дейін қабылданады.

Өтініштер www.almaty-jastary.kz сайты арқылы қабылданады. Авторизация сайтта электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі. Оны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан алуға болады.

 

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер 5 жыл мерзімге беріледі. Қазіргі уақытта Наурызбай ауданының "Alma City-5" шағын ауданынан 350 бір бөлмелі пәтерлер үлестірілмек.

 

Бағдарламаға талаптары:

– 29 жасқа толмаған, мектеп, техникалық және орта білімі бар немесе жоғары оқу орнын тәмамдап жұмыс істеп жүруге тиіс;

– Соңғы 2 жылда Алматы қаласында тіркеуде тұруы керек;

– Жеке басында үйі жоқ болуы міндетті;

Соңғы алты ай ішінде кемінде 101 мың теңге ай сайынғы табыс болуы керек;

– Банкте жинақ шоттың болуы міндетті.

Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесі бойынша жасалады. Ұпайлардың берілу критерийлері, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір