Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен "Халық арна" телеарнасының ұжымын Діни басқарманың төл арнасының ашылуымен құттықтады. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады. 

Министр Қазақстан халқын, соның ішінде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеуде телеарнаның маңызы өте зор екенін атап өтті. Сондай-ақ теріс діни ағымдардың арбауынан қорғау мақсатында телеарна қомақты үлес қосып, діни-рухани саладағы жетекші арналардың бірі болатынына сенім білдірді.

Теларнада дәстүрлі дінмен қатар, мәдени танымдық бағыттағы көрсетілімдерге орын берілгені қалың жұртшылықты қуантады. Себебі тарихтан тәлім алған жастарымыз ата-бабалар ұстанған дінді, сан ғасырдан бері сабақтасып келе жатқан салт-дәстүрлерін ардақтап, ерекше құрметтейтін болады. Осы ретте телеарнаның ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін. "Халық арна" жақсылықтың жаршысына айналсын, – деп жазды министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір