• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:02:48
Алматы
+35°

Желіде Нұр-Сұлтан қаласы дәрігерінің COVID-19 жұқтырғаны үшін дәрігерлерге 880 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы посты жарияланды. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады StopFake сайты. 

Денсаулық сақтау министрлігі де, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті де коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігерлерге айыппұл салу туралы қаулы шығарған жоқ.

– Бұл – жалған ақпарат. Мен осы хабарламаны жазған дәрігерге хабарластым, біз бәрін анықтадық. Қазір бұл мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы шаралар қабылдауда. Бізде мұндай заңдар жоқ және болмайды да. Оны нақты айта аламын. Біз әр дәрігерді бағалаймыз. Осы дәрігерлер бізге пандемиямен күресуге және қазақстандықтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі, – деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір