• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:41:01
Алматы
+35°
Қазақстандағы ашаршылық туралы "Зұлмат" деректі фильмі АҚШ-тағы HUMANITARIAN AWARD’ / "ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖҮЛДЕ" сыйлығына лайық деп танылды. Бұл туралы фильм режиссері Жанболат Мамай facebook-те хабарлады.
 
Фильм Нью-Йорктегі RusDocFilmFest фестивалінде Еуропаның түрлі елінен келіп түскен 14 фильмнен тұратын негізгі сеткаға енген.
 
"Бүгін "Зұлмат" фильмі Нью-Йорктегі RusDocFilmFest фестивалінде "Гуманитарлық жүлдеге" лайық деп танылғаны жөніндегі сүйінішті хабар алдым.
 
The Humanitarian Award (гуманитарлық жүлде) – гуманитарлық құндылықтарды дамытуға және сақтауға қосылған ерекше үлес үшін берілетін жүлде. Жүлде авторға, киножобаға немесе фильмге беріледі.
 
Осылайша, "Зұлмат" – ашаршылық туралы, Қазақстандағы геноцид туралы АҚШ-та, халықаралық аренада мойындалған  алғашқы фильм ғана емес, арнайы премияға қол жеткізген фильм атанып отыр.
 
Айта кетергілі, фильм ағылшын тілінде әлемдік сахна – Нью-Йоркте көрсетілді. Бұл – большевиктер режимі жасаған ашаршылықты Қазақстанда геноцид ретінде тану жолында жасалған маңызды қадам. Украина Голодоморды украин халқына қарсы жасалған геноцид деп мойындатқаны сияқты Қазақстан да жаппай ашаршылықты қазақ халқына қасақана жасалған қылмыс – Геноцид деп мойындатуға қол жеткізуі керек.
 
Фильмдегі барлық деректер мұны толық растап тұр. Бұған баршамыз бірге қол жеткіземіз деп үміттенемін" деп жазды Жанболат Мамай.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір