• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:27:23
Алматы
+35°

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыстың күн тәртібін қарауға кіріспес бұрын  Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғанын атап өтті. 

– Әрине, Парламент сайлауы ол біздің еліміз үшін де, біздің халқымыз үшін де өте маңызды саяси қадам. Себебі парламенттік сайлау еліміздегі барлық саяси партиялардың, өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан алдағы сайлау демократияны нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге және еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз, – деді Нығматулин.  

Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин Парламенттің келесі шақырылымы жұмысын бастағанға дейін қазіргі депутаттық корпус елімізді одан әрі дамыту және ілгерілету үшін заңнамалық базаны қалыптастыруды жалғастыра беретінін жеткізді. 

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір