Атырау облысында оқушы қыз агрессивті ата-анасынан қорғау туралы өтінішпен видеоүндеу жариялады.

Оқушының Instagram-дағы парақшасында жарияланған видеодан әкесі жуылмаған ыдыс-аяқ үшін қызына ұрсып жатқаннын көруге болады.

"Өтініш, көмектесіңіздерші!. Мен олармен (ата-анаммен - ред.) күн сайын бір шаңырақ астында өмір сүруге қорқамын. Бұл зорлық-зомбылыққа бірнеше жылдан бері шыдап келемін. Мен оны (видеоны - ред.) жариялау арқылы дұрыс істеп жатырмын ба білмеймін. Маған қазір және ертең не болары белгісіз" делінген қыздың жазбасында.

Кадр артында қыздың әкесіне видеоны желіге жариялайтынын ескерткені естіледі.

Кейінірек қыз ата-анасының реакциясынан қорқатындықтан, видеоны көп жарияламауды өтінген жазба жариялады.

Полиция істі бақылауға алғанын айтты.

"Атырау облысы полиция департаменті әлеуметтік желілердегі мониторинг барысында ер адамның (әкенің) кәмелетке толмаған қызына ұрысып, бейәдеп сөздер айтқан бейнежазбаны анықтады.

Факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 140 - бабы "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде" делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір