• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:52:17
Алматы
+35°

Фото: Мыңжылқы Бердіқожаевтың жеке мұрағатынан алынды

Нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев жазда коронавирус инфекциясының жеңіл түрімен ауырған науқастар желтоқсанда қайтадан сырқаттануы мүмкін екенін айтты.

– Шенеуніктер есеп беруі барысында коронавирустың екінші толқынына дайын екенін айтуда. Бірақ екінші толқынға жүз пайыз дайын болу мүмкін емес. Жаз, көктем айларындағы жағдайға қарағанда қазір әлдеқайда дайынырақпыз. Егер елде адамдар тағы да жаппай вирус жұқтырып, ауыратын болса, қайтадан халық оттегі іздеп кететіндей жағдай туындауы мүмкін. Сондықтан үкіметтің дайынбыз деуі – адамдарға "жалған" сенім, үміт беру. Осыдан абай болғанымыз дұрыс, – дейді дәрігер. 

Ол қазіргі уақытта қажетті шаралар қабылданып, карантин талаптарының күшейтіліп жатқанын атап өтті.

– Қазір елде төтенше жағдай режимін енгізу ертерек. Бірақ локдауындағыдай сәл жеңілірек, карантин режимін енгізген дұрыс. Оның барлығы қазір енгізіліп жатыр. Бірақ локдаунның кері әсері адамдар қаражат жағынан қамтылмай, қиналып қалуында. Францияның тәжірибесін алып қарайтын болсақ, қиын жағдайдан карантинсіз шыға алмайтын сияқтымыз. Сондықтан осы елдің тәжірибесін ескере отырып, карантин шараларын енгізген дұрыс, – деді ол.

Оның сөзінше, вирус жұқтырып, ауырып шыққан адамдардың қайтадан ауыру қаупі бар.

– Көктемде, жазда ауырып шыққан адамдардың ішінде жеңіл түрімен ауырғандар күздегі толқында қайтадан ауыруы мүмкін. Бірақ мұның қаншылықты ықтимал екенін нақты ешкім айта алмайды. Оны уақыты келгенде білеміз. Қазіргі министрліктің мәлімдеп отырған статистикасын айту қиын. Үкімет карантинді күшейткеніне қарағанда екінші толқын басталып келе жатыр. Сонымен қатар, олар КВИ- деректерін кешіктіріп беруі де мүмкін. Сынамалардың кешіктіріліп берілуі ресми статистикаға әсер етеді. Бірақ науқастар санының көбейіп келе жатқаны қазірден-ақ көрініп тұр, – деп сөзін түйіндеді Мыңжылқы Бердіқожаев.

Нұрсұлу Темірханқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір