Парламент мәжілісінің кезекті отырысында депутат Айқын Қоңыров Қазақстанда зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету мәселесін көтерді.

– Коммунистер COVID-19 екінші толқыны, коронавирус мутациясы қаупінің өсуі, вирустың басқа да қауіпті штамдарының пайда болуы кезінде қарт кісілердің денсаулығын сақтау керек деп санайды. Ауруы бар егде жастағы кісілердің оқшаулануы үшін барлық жағдайды жасау, сондай-ақ мәселелерді уақытылы шешу маңызды, – деді депутат.

Ол осы мақсатта әйелдер мен ерлердің зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету туралы бастама көтерді.

– 2013 жылы біз әйелдердің зейнетке шығу жасына байланысты зейнетақы реформасын қолдамадық. Бүгін партияның облыстық және қалалық комитеттерінде қоғамдық пікірталастар сериясында айтылған азаматтардың пікірлеріне сүйене отырып, біз азаматтарымыздың зейнетке шығу жасын азайтуды және әйелдер мен ерлердің зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынып отырмыз, – деді А.Қоңыров премьер-министрге жолдаған сауалында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір