• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қазан, 11:17:34
Алматы
+12°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Мусин Президентке интернет байланысының, әсіресе, ауылдық жерлердегі сапасы мен қолжетімділігін арттыру, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын трансформациялау, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті онлайн форматқа көшіру жұмыстары туралы министрліктің есебін берді.

Сондай-ақ ол мемлекет басшысына инновациялық экожүйені қалыптастыру жолдары, аэроғарыш саласын дамыту, сонымен қатар, экспортқа шығарылатын бәсекеге қабілетті өнім әзірлеу үшін IT саласы бойынша кәсіби мамандар даярлау жоспары жөнінде баяндады.

Тоқаев білім беру платформасын дамытудың, қашықтан білім беру үдерісіне техникалық тұрғыдан көмек көрсетудің, мемлекеттік қаржылай қолдау шараларын электронды оқулықтар мен цифрлық білім беру ресурстарын дамытуға бағыттаудың маңыздылығын атап өтті.

Президент Бағдат Мусинге мемлекеттік қызметті пайдалану кезінде биометрия тетіктерін енгізу, цифрландыруды басқару жүйесіне реформа жүргізу, "Зерде" холдингінің рөлі мен жауапкершілігін арттыру  жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Мемлекет басшысы радиотолқындарды бөлудің ашық тетіктерін енгізуді тапсырды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір