• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 18:32:56
Алматы
+35°

Қазақстандықтар secure.avaaz.org сайтында британиялық комик Саша Баронның "Борат-2" фильмінің көрсетілуіне қарсы петиция жариялады. Қазіргі таңда петицияға 104 мыңға жуық адам қол қойған.

Петиция авторының сөзінше, фильм расизм мен ксенофобияға толы.

"Олар Қазақстан мен қазақ халқының ар-намысын қорлап отыр. Оның үстіне фильм кадрлары шынайы жағдаймен еш сәйкес келмейді. Фильм автордың қиялынан туған елде түсірілген болса, бірсәрі. Бірақ олай емес. Бұл фильм шын мемлекетті, ол жердегі азаматтарды келемеждейді. Аталған фильм ұлы тарихы бар ұлы елдің азаматтары үшін жаңа проблема тудырады. Шетелдіктерге фильмнің әзіл екенін ұдайы түсіндіруге тура келеді. Көріп тұрғанымыздай, шын мәнінде бұл (фильм авторының әрекеті – ред.) әзілді емес, елге деген құрметсіздікті көрсетеді" деді автор жазбасында.

Петиция авторлары 200 мың қол жинауды мақсат еткен.

Бұған дейін Instagram мен Twitter желілерінде Қазақстан үкіметінің ресми парақшалары делінген фейк парақшалар пайда болды. Оның пайда болуы фильмнің жарнамасымен байланыстырылып жатыр. Парақшаға Саша Баронның өзі репост жасаған.

Қазақстан үкіметінің ресми парақшасы делінген фейк парақша

Аталған парақшаға "қазақ халқының досы Дональд Трампты дебаттағы жеңісімен құттықтаймыз" делінген бір ғана материал салынған. Видеоматериал Трамптың әр кезде сөйлеген сәттерінен тұрады.

"Борат" фильмінің алғашқы бөлімі 2006 жылы шығып, Қазақстанда үлкен шу тудырғаннан кейін ел аумағында көрсетуге тыйым салынған.

Фильм желісі бойынша режиссер әрі бас кейіпкерді сомдаған Саша Барон қазақстандық журналист Бораттың өмірін көрсетеді.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Борат Борат 2

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір