• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қаңтар, 20:50:33
Алматы
-7°

Бейжің мен Вашингтон арасындағы қырғи-қабақ соғыс қазірдің өзінде басталып, алғашқы кезеңі болып жатыр. Бұл туралы Германияның Der Spiegel журналы Германия үкіметіндегі трансатлантикалық қатынастар жөніндегі үйлестірушісі Питер Байердің пікіріне сілтеме жасап хабарлады.

Неміс дипломатының пікірінше, Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда соғысы алдағы жүз жылдықты анықтайтын қақтығыс болады.

Германия үкіметінің өкілі 3 қарашада АҚШ-тағы президенттік сайлауда кім жеңіске жетсе де, Еуропа "АҚШ-пен серіктестікте осы кезден дайындалуы керек" деп санайды.

Байер Дональд Трамптың қарсыласы демократ Джо Байден де Қытайға қатысты қатаң саясат жүргізуге ниет білдіргенін атап өтті.

Осыған байланысты дипломат "қиялдағы ескірген трансатлантикалық құндылықтарға" оралуға шақырады. Бұл ретте ол ең алдымен "бостандық пен демократия, бейбітшілік пен жақсы жағдай" туралы ойлайтынын жеткізген.

– АҚШ-пен қарқынды және жанды серіктестікті америкалықтар немістерге алып келген құндылық ретінде айтамыз, – дейді Германия үкіметіндегі трансатлантикалық қатынастар жөніндегі  үйлестіруші Питер Байер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір