• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:17:08
Алматы
+35°

1 қазанда «Nur Otan» партиясы ұйымдастырып отырған праймеризге дауыс беру басталды.

Осы орайда танымал саясаткер, қоғам және мемлекет қайраткері, ұзақ жыл биік лауазымдарды атқарған Ермұхамет Ертісбаев «Azattyq Rýhy» ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында праймериз туралы пікірін білдіріп, Мәжіліс сайлауына дайындықтың егжей-тегжейіне тоқталды.

Оның айтуынша, көшбасшы партияның праймеризіне қоғам тарапынан серпіліс зор екенін және дауыс беру кезінде сайлаушыны не қызықтыра алатынын атады.

– Әрине, сайлаушылар сайлауалды бағдарламаның мазмұнына ерекше көңіл бөлетін болады. Кандидаттың халық алдында өзін қалай ұстап, қалай сөйлейтініне де көп нәрсе байланысты. Осы орайда мен көптеген қатысушылардың дебаттан бас тартқанына таңғалдым. Жуырда 700-800 адам праймеризден шеттетілді. Бұлай болмайды ғой. Саясатқа құлаш ұра отырып, дебаттан, ашық пікірталастан қалайша бас тартуға болады. Бұл өзіңді өзгеге тыңдатудың жалғыз мүмкіндігі емес пе?! Сондықтан партия басшылығының бұл адамдарды праймеризге қатысудан шеттету туралы шешімі дұрыс. Өткен жылғы қыркүйекте мен ұзақ жылғы дипломатиялық іс-сапардан кейін Қазақстанға оралдым. Ашық айтайын, көңілімде біраз күдік болды. Бірақ бүгінде көңілім марқая отырып, атап өткім келеді: сайлауға дейін 3 ай қалғанда «Nur Otan» айқын фаворитке айналды. Өйткені өзге саяси партиялар праймериз ұйымдастырмақ түгіл, ұйымдастырушылық-саяси тұрғыда кадрлық жаңғыртуды да өткізіп жатқан жоқ! – деді Ермұхамет Ертісбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қазанда сағат 00:00-ден бастап, 3 қазан сағат 14:00-ге дейін праймеризге мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы дауыс беру өтеді. Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) интернет жоқ елді мекендерде қағаз бюллетеньдер бойынша дауыс беруге болады.

Танымал қоғам қайраткерінің сұхбатының толық нұсқасын https://www.youtube.com/watch?v=i2-DE1KOPOU  сілтемесінен көре аласыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір