29 Қыркүйек, 2020 NEWS

Алматыда ауыр жол апаты болды

Фото: видеодан алынған

Алматыда екі көліктің қатты соқтығысуы видеорегистраторға түсіп қалды.

Алматы полиция департаменті бұл оқиғаның 28 қыркүйек күні сағат 05.30 шамасында болғанын хабарлады.

Фольксваген Поло көлігінің жүргізушісі Мұқанов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның қызыл түсінен өтіп, сол жерде Төле би көшесімен батыс бағытта келе жатқан Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің жолаушылары мен Volkswagen жүргізушісі жарақат алғаны белгілі болды.

Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта бұл факт бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері тиісті сараптамалар тағайындады.

Ілмек сөздер: Жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір