• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:43:54
Алматы
+35°

АҚШ президенті Трамп сайлаудан кейін билікті бейбіт жолмен беру туралы міндеттемеден бас тартты, себебі ол бюллетеньдерге күдіктенетінін тағы да мәлімдеді.

"Ақ үйдің баспасөз конференциясында президент Дональд Трамп қараша айындағы сайлауда демократиялық қарсыласы Джо Байденнен жеңіліп қалса, билікті бейбіт жолмен беру туралы міндеттемеден бас таратнын айтты" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.

– Біз не болатынын көруіміз керек. Сіздер менің бюллетеньдерге қатты шағымданғанымды білесіздер, бюллетеньдер апат әкеледі...Бюллетеньдерден құтылу керек, сонда бәрі өте тыныш болады, (олай болмағанда) трансфер болмайды, ашығын айтқанда. Жалғасы болады. Сайлау бюллетендері бақылаудан шығып кетті, сіздер оны білесіздер... демократтар оны басқалардан жақсы біледі, – деген АҚШ президенті.

Трамп пошта арқылы дауыс беруді жоспарлап отырған штаттар үшін жиі шағымданады. Ал ол штаттар халықтың коронавирустық инфекция қаупін азайту үшін осылай істемек екенін айтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір