21 Қыркүйек, 2020 Алматы облысы

"Тәттілер таратады". ХҚКО-дағы жаңа өзгерістер

Фото: ХҚКО-да түсірілген

Халыққа қызмет көрсету орталықтары келетін адамдарға арнап жаңа дәстүр енгізді. Қызмет алушыларға арналған дәстүр "Біз жылу сыйлаймыз" деп аталады.

"Азаматтарға арналған үкіметтің" Алматы облыстық филиалында қызмет алуға келген көпбалалы аналар, жаңа босанған аналар, ардагерлер, зейнеткерлер мен алғаш рет төлқұжаттарын рәсімдеуге немесе дайын құжаттарын алуға келген азаматтарға құттықтау айтылып, сыйлықтар мен тәттілер таратылды. Қызмет алушылардың көңіл-күйін көтеруге бағытталған бұл іс-шара  Қазақстанның барлық аймақтарында өтіп жатыр. Әрине, бұл жерде сыйлықтың көлемі мен бағасы маңызды емес, бастысы - осындай қиын сәтте тосынсый жасау арқылы халықтың көңіліне демеу беріп, қуаныш сыйлау дейді орталық қызметкерлері.

Ілмек сөздер: тәтті

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір