18 Қыркүйек, 2020 Спорт

Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты хабарланды

Фото: Sports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы,  IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің со-промоутері DAZN  жуық аралықта қазан мен қараша айларында өтетін жекпе-жектер кестесін жариялайтынын мәлімдеді, деп жазады Sports.kz.
 
Аталған айлардағы кездесулер арасында Геннадий Головкиннің поляк боксшысы Камил Шереметпен жекпе-жегі де бар делінуде. Онда IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы сарапқа салынады.
 
– Таяудағы аптада қазан мен қарашадағы кездесулер кестесі жарияланады. Арасында бірнеше үлкен кездесу болады, – деді Хирн.
Ілмек сөздер: GGG

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір